378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім саласына жауапты мамандар сапасыз оқулықтармен күресті күшейтті

  • 255
  • UPD: 22:55, 02.03.2019
Білім саласына жауапты мамандар сапасыз оқулықтармен күресті күшейтті

Республикалық деңгейдегі комиссия құрылып, бүгінге дейін бірнеше отырыс өткізіп үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесінде болмысы мен құрылымында кем-кетігі көп кітаптарды түзету ұсынылды. Егер ескерту еленбей, түзетулер енгізілмесе, оларды мүлдем мектептегі қолданыстан алып тастау мәселесі қаралады. Комиссия мүшелері, әсіресе, кітаптың ұлттық болмысқа сәйкес келуіне және тәрбиелік мәні зор болуына көңіл аударады. Ата-аналар тарапынан түсетін шағымдар да негізге алынады.

Хабар 24 телеарнасы