378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда еріктілер жалғызбасты азаматтарға көмек көрсетіп жүр

  • 235
  • UPD: 23:21, 02.03.2019
Ақтауда еріктілер жалғызбасты азаматтарға көмек көрсетіп жүр

Ақтаудағы еріктілер корпусына 181 жас мүше. Қоғамдық жұмысқа белсенді араласатын студенттер өз істерінің сабаққа еш кедергісі жоқ екенін айтады.

Оқудан кейін жастар орталығында бас қосып, курстық жұмыстарын пысықтайды. Орталықтың негізгі жұмысы жас буын өкілдерінің өз-өздеріне сенімін нығайтып, көшбасшылық қабілетін ұштауды көздейді. Арнайы жоба аясында бүгінге дейін екі жүзге жуық студент тегін тренинг-сабаққа қатысты. Қазір олардың барлығы әлеуметтік маңыздағы іс-шараларға белсене қатысып жүр.

Мұқаш Бекенұлы, еріктілер корпусының жетекшісі:

- Өңірде мүжәлсіз, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар. Оларға әлеуметтік және адрестік көмек көрсетуге бағытталған «Жүрегі толы мейірім» атты жобасы бар. Бүгінде біз 81 жалғызбасты азаматқа көмек көрсетіп келеміз. Аптасына екі рет балалар барып, үйін жинайды. Және осы уақытқа дейін 162 отбасыға әлеуметтік көмек берілді, ол дегеніміз азық-түлік пен киім-кешек үлестірдік.

 

Хабар 24 телеарнасы