378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жалған құжат айналымы артқан

  • 267
  • UPD: 07:18, 03.03.2019
Қызылорда облысында жалған құжат айналымы артқан

Қызылорда облысында белгілі бір шешімдерді қабылдауға еш әсері жоқ анықтамалар қолданыстан алып тасталмақ. Себебі жалған құжат айналымы артып отыр.

Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жүргізілген мониторинг нәтижесінде зерттелген 164 дана 086 және 083 медициналық анықтаманың елу шақтысының шынайлығы күмән тудырған. Жалпы өңірдегі емдеу мекемелері мамандары тұрғындарға өткен жылы 28 мыңнан аса анықтама берген. Одан бөлек интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде «санитарлық кітапша дайындап беремін» деген хабарландырулар да көбейіп кетті. Аталған деректер процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

Абзал Мұхимов, ҚР МҚІСЖҚІА департаментінің басшысы:

- Одан бөлек қазір біздің арнайы мониторингтік топтың анықтауымен техникалық байқаудан көліктерді өткізген кезде олардың да ішінен көптеген жалған құжаттар, жалған сертификаттар беру мәселесі анықталып жатыр. Сондықтан осы алқа қорытындысы түбегейлі шешімдер қабылдап, біраз өзгеріс енгізуге тырысатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы