378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шу қаласының тұрғыны «Ламборджини» көлігінің баламасын құрастырды

  • 243
  • UPD: 08:39, 03.03.2019

Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Қонаев ауылының тұрғыны «Ломбарджини» көлігінің баламасын құрастырған. Туындыны жасауға зейнеткер Мейя Тафиковтың 9 жыл уақыты кетіпті.

Мектеп жасынан радиотехниканы терең меңгерген азамат, ерекше машинаны ескі көліктердің бөлшектерінен жасаған. Шебер темір тұлпарына «Фидана» деген ат қойып, жазда сынақтан өткізген. Талай жанның қызығушылығын тудырған көлікті сатып алам деушілер де табылыпты. Алайда зейнеткер спорттық машинаның техникалық құжатын жасауға асығар емес.

Мейя Тафиков, өнертапқыш: 

- Электрлік қосалқы бөлшектердің барлығын қолдан жасағанмын, автооталдыру қондырғысын да орнаттым. Көліктің қозғалтқышы мен моторы да жаңартылған. Оннан астам көліктің бөлшектері бар десем болады. Ал құжат жинаудың жұмысы көп, сондықтан қиналамын.

Хабар 24 телеарнасы