377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда әскери-техникалық мектеп түлектері ант қабылдады

  • 274
  • UPD: 10:04, 03.03.2019

Қорғаныс министрлігінің Атыраудағы әскери-техникалық мектеп филиалының курсанттары көпшілік алдында әскери ант қабылдады. Бұл үрдіс жастарды отанын сүюге баулу мақсатында ел алдында өткізіліп отыр. Атырау мен Маңғыстау облысынан келіп, әскери өнердің қыр-сырын меңгерген курсанттар санаулы күндерден кейін қызметке жолдама алады.

Жастардың  ұрпақтың бүгінде әскери қызмет саласына ұмтылушылығы байқалады. Өйткені әскери қызмет тұрақты және әлеуметтік жағынан қамтылған. Бүгін ант қабылдап болашақ өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін Мирас Қабдол өз болашағына сенімді. Ал әскери ант ерлерді еліміз үшін кез-келген қауіпке төтеп беруге және оған қарсы тұруға міндеттейді.

Мирас Қабдол, әскери-техникалық мектептің бөлімше командирі:

- Әскери-техникалық мектеп өте қолайлы бір жылдық әскерден ешқандай кем емес. Мұнда біздер саптық дайындық үйрендік, атыс алаңына бардық, сап дегеніміз не, жалпы қару-жарақпен танысып командирлер бәрін үйретті, ешқандай кемшілік жоқ, барлық сұрақтарға, барлық берілген тапсырмаларды нақты және дәлме-дәл орындадық. Қазіргі таңда енді Ант қабылдағаннан кейін  ҚР Отан алдындағы қызметімізді өтейміз деген сенімдемін.

Әскери-техникалық мектептің курсанттары да нағыз әскердегідей дайындықтан өтеді. Оның үстіне болашақта қол бастайтын әрі әскери саланың тізгінін ұстайтын сардарлар да ертеңгі күндері осы жастардың арасынан шығуы әбден мүмкін.

Марат Ізмағамбетов, Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім басшысы:

- Олар осы 40 күндік оқудың ішінде 1 жылдық материалды толығымен қамтыды. Әскери полигондарда болды,  әскери оқу-жаттығулар толық ұйымдастырылды. Біздер бәріміз осыны көзіміз көргеннен кейін оларға біздер әрқашан елді қорғайды, біздің артымыздан, жолымыздан ереді деп сенім білдіреміз. Олар болашақ отан қорғаушылар, әрқашан әскери қызмет қаратында біздер оларды күтеміз.     

Бұл жолы Атырау мен Маңғыстау облысынан келген 30 курсант болашаққа жолдама алды. Биыл әскери техникалық мектеп 210 бозбаланы оқытуға тапсырыс алған. Ал былтыр бітірген 240 түлек қазір еліміздегі әскери бөлімшелерде қызмет етіп жүр. Сонымен қатар қазір «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери келісімшарт бойынша қызметке қабылдауды бастады. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы