377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда адам көп жүретін орындарда тазалыққа шақыратын тақтайшалар орнатылды

  • 253
  • UPD: 08:56, 03.03.2019
Ақтауда адам көп жүретін орындарда тазалыққа шақыратын тақтайшалар орнатылды

Ақтауда халық көп шоғырланған орындарда халықты тазалыққа шақыратын тақтайшалар орнатылуда. Арнайы белгілерді теңіз жағалауы, орталық алаңдар, саябақтар мен оқу орындары алдынан көруге болады.

Игі бастаманы жүзеге асыруға қала қазынасынан қаржы бөлінді. Әр тақтайшаға сол маңдағы кешеннің әлеуметтік маңызына қарай мәтін жазылған. Мәселен, облыстық театр алдындағы тақтайшадан танымал өнер қайраткерлерінің нақыл сөздерін, ал колледждер мен университет жанынан табиғатты аялауға шақырған үндеулерді көресіз. Қала тазалығына  жауапты мамандар осы жобаны жыл соңына дейін жалғастыруды көздеп отыр.  

Қайрат Хайрушев, қала тазалығына жауапты мекеме басшысы:

- Қала әкімінің бастамасымен қойылған тақтайшалар. Қазіргі таңда бұл жобаға 72 мың теңге ақшамыз кетті. Бастаған жобамыз өз әсерін беріп жатыр. Тазалықпен айналысып жүрген қызметкерлердің еңбегін бағаласа дейміз тұрғындар. Әр нысанға байланысты осындай табличкаларды қоямыз.

Хабар 24 телеарнасы