389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үй кезегіне 14 мыңнан астам көп балалы отбасы тіркелген

  • 1439
  • UPD: 09:32, 03.03.2019

Алматыда  «Бақытты отбасы» кешенді бағдарлама қолға алынды. Жоба 7 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Соның бірі-әлеуметтік жағынан аз қамтылған  көпбалалы аналарға берілетін жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй.

Аягөз Ирсимбетова-жеті баланың анасы. Барым да , байлығым да осылар дейді ол.  Күйеуі Қуаныш екеуінің  арман қуып, Алматыға келгендеріне биыл 12 жыл. Бірақ тапқан табысы  балаларының ас суы мен киім кешегінен артылмайтын  оолардң  баспана алуға мүмкіндіктері болмаған. Қазір бұл отбасы  көпқабатты үйде бір бөлмені жалдап отыр.  Көпбалалы ана, Nur Otan партиясының  XVIII съезінде және Алматы қаласы әкімінің есебінде айтылған әлеуметтік көмектен үміттеніп отыр.  

Аягөз Ирсимбетова, көп балалы ана:

- Өткен аптадан бері жақсы жаңалықтар естіп жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа бағдарламада  көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген пайызбен үй беріледі  деп жатыр. Нәсіп қылса, біз де сол үйге ілінсек деген ойымыз бар.  Күйеуім жалғыз өзі жұмыс жасайды СТО-да, мен көп балалы, үйде бала-шағаға қарап отырамын. Күйеуімнің табысы жалдамалы пәтерге кетеді.

Алматыда үй кезегіне 14 мыңнан астам көп балалы отбасы тіркелген. Ал алғашқы жарнаны төлей алмайтын көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар саны 1276. Енді олар жалпы кезектен бөліп алынып, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көмек көрсетілетін болады.

Сайран Сайфеденов,  қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының  орынбасары:

- Алғашқы жарна пәтер құны 10 пайызды құрайды, мөлшерлеме 18 жылға 2 пайыз, несиелеудің ең жоғарғы соммасы 15 млн теңгеге дейін. Сонымен қатар алғашқы жарнаға  1 млн теңге сертификаты берілетін болады.

Әлеуметтік бағдарламалар «Тұрғын Үй Құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асады.

Ляззат Ибрагимова, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ақ басқармасының бастығы:

- Мысалы,  сіз  2 пайыздық үстемемен 8 млн теңге алсаңыз-алғашқы сегіз жыл бойы ай сайын 40 мың теңге төлейсіз. Ал пәтер құнының 50 пайызын өтеп болған соң қалған 10 жылда  ай сайын шамамен 27 мың теңге төлейтін боласыз. Яғни көп балалы аналардың қазір жалға алып отырған үйлердің құнынан асырмауға  тырыстық. 

Бірақ мұнда отбасылық табыс қатаң есептелінеді. Яғни кіріс мөлшері адам басына шаққанда айына 30 мың теңгеден аспау керек. Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, қазір елімізде 28 мың көпбалалы отбасы үй кезегінде тұр.  Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін республикада  40 мыңнан астам пәтер салынады.

Авторлары: Алуа Махабет, Владимир Бовкис, Сержан Жұмабаев, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы