378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан халқының 10% ауыз суға зәру

  • 232
  • UPD: 11:16, 04.03.2019
Түркістан халқының 10% ауыз суға зәру ETI-Online.org

Түркістан қаласында соңғы 5 жылда 1738 шақырым ауыз су жүйесі тартылған. Ал 2010 жылға дейін шаһарды ауыз  сумен қамту жүйесі 143 шақырым ғана болыпты. Бүгінде қаладағы халықтың 90% таза ауыз суға қол жеткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Түркістанды 3 мекеме тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді. Мәселен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өздеріне тиесілі су жүйесі арқылы студенттер қалашығын, «Арыс темір жол» серіктестігі шойын жол бойындағы тұрғын үйлер мен сол жерде орналасқан мекемелерді қамтиды. Ал «Түркістан су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қаладағы 28 мың абонентке таза ауыз су беріп отыр. Бұл мекеме тіршілік нәрін «Кентау-Түркістан» топтама су жүйесінен алады. Енді жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын таза ауыз сумен қамту үшін «Кентау-Түркістан» топтама су жүйесінің жанынан ұзындығы 34 шақырым болатын тағы да қосымша су торабы салынбақ. Сол кезде таза ауыз суды тасып ішіп отырған қала халқының 10%-і де тіршілік нәрімен толық қамтылатын болады.

Сейілбек Дайрабай, «Түркістан су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры:

- Жасыратыны жоқ, қаланың ішінде кейбір қуыс көшелер мен қиылыстар қосылмай қалып кеткен. Олардың бәріне қазір қалалық ТКШ бөлімі арқылы жобалық құжаттары жасылып жатыр. Сол біткеннен кейін қосымша қаржы бөліп, тартамыз. «Мысалы «Арыс-Түркістан» каналының әкімшілік ғимараты түсетін жоғары жағына екі су қоймасы салынады. Содан тұрғындарға беру жобалары жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы