389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәулеті артқан Астанада суға қолы жетпей отырғандар да бар

  • 592
  • UPD: 08:52, 04.03.2019

Астанада ауылдағыдай күн кешіп, ауыз суды тасып ішіп отырғандар тұрғындар аз емес.

Негізінен шаһарда 200-ден астам су алатын арнайы құрылғы бар. Үйіне су тартуға шамасы жоқтар тіршілік нәрін осы колонкалардан алуға мәжбүр. Мәселе қашан шешіледі?

Блиц 1:

Міне, осылай күнде суға барамыз. Тәңертең, кешке. Бір емес бірнеше рет барамыз .Жел демей, боран демей суға барып жүреміз.

Гүлнар Оралова 30 жыл бойы осы арада тұрады.  Маңайындағы көп қабатты үйлерге де көзі үйренген. Көршілері өркениеттің қызығын көріп, қолын жылы суға малып отырғанда, бұлар су тасып әуре. Күніне бірнеше мәрте шанамен барады.

Гүлнар Оралова, қала тұрғыны:

- Су жоқ. Бәріміз осылай суға барамыз. Әкімшіліктен, қалалық су арнасынан сұрағанбыз «бізге қашан суды үйге кіргізесіздер?» деп. Олар «өздерің ақша төлеңдер» дейді. Ал біз қалай төлейміз? Мемлекет бізді ойлау керек қой. Бізді олар ойламайды. Бәріміз осы колонкадан аламыз. Жарайды менің жасым кіші. Бірақ үлкен кісілер бар. Анау жақтан С.Торайғыровтан кісілер келеді. Шалдар. Көрші кемпір бар 70-теарбамен  су тасып жүреді.

Су мәселесін шеше алмай жүргендердің көбі қаланың ескі бөлігінің тұрғындары. Себебі, мұндағы жер үйлер орталық су жүйесіне қосылмаған. Ол үшін 300-400 мың теңге ақша керек.

Блиц 2:

Колонка көп болған осы көшелерде. Бәрін тоқтатып тастады. Әркім өз үйіне орнатсын дейді.

Блиц 3:

Үйде су жоқ. Су өткізілмеген сондықтан мына колонкадан тасимыз .

Елорда көркейіп, құрылыс қарқын алған сайын осындай су таратқыштар да азайды. Ал орталық құбырдан су тартуға әркімнің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан жергілікті биліктен бір көмек болғанын қалайды. 

Виктор Сыздықов, сарапшы:

-Бұл мәселені шешуге ең алдымен ынта болу керек. Мысалға «7-20-25» тәрізді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының да өзіндік бағдарламалары бар. Сондықтан бұл жерде суды үйге кіргізу үшін қажетті соманы бөліп төлейтіндей жағдай жасау керек. Егер құбырды бірнеше адам келісіп тартқызатын болса, құны да азаяды. Бұл үшін қалалық кеңеске, әкім орынбасарларына өтініш жасауға қазір мүмкіндік мол. Тіпті Egov, Facebook, чаттар, iKomek қосымшалары сияқты әлеуметтік желі арқылы шығуға да болады

Қаланы тіршілік нәрімен қамтып отырған Астана су арнасы өкілдерінің айтуынша көшеде су таратқыш болмауы тиіс. Бірақ жұртшылықтың бәрі бірдей үйіне су тартпағандықтан мұндай құрылғыларды алып тастай алмай отыр.

Виктор Шефер, «Астана су арнасы» МКК өндіріс бөлімінің басшысы:

- Колонкалардың болуы, әлі де су кірмеген үйлердің барын көрсетеді. Ал құбырлары жоқ көшеде тұратындардың мәселесін қала басшылығы шешеді. Біздің мекеме тек өз балансымыздағы дүниеге ғана жауап береді. Ал кейде тұрғындар өздері үйге су тартудан бас тартады.

Сөйтіп, сәулеті артқан Астанада суға қолы жетпей отырғандар да бар. Амалы жоқтықтан жұрттың көбі шелек алып көшедегі су тартқышқа аяңдайды.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы