378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кербұлақ ауданындағы 16 елді мекен ауыз суға жарымай отыр

  • 222
  • UPD: 11:15, 04.03.2019

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Шанханай ауылының тұрғындары таза ауыз суға жарымай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені бұл елді мекенде су құбырын тарту жұмыстары толық аяқталмаған. Ауылдағы 3-4 көшеде ғана су бар, ал қалғандары сырттан тасып ішуге мәжбүр. Жалпы Кербұлақ ауданында 63 елді мекен болса, бүгінге дейін «Таза су», «Ақбұлақ», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында 47 ауыл орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Қалған 16 елді мекен осы күнді асыға күтіп отыр. Ауданның ауыз сумен қамтылуы қазір 74% болса, биыл бұл көрсеткішті 80% жеткізу жоспарда бар. «Талдыбұлақ, Доланалы, Онжас, Аралтөбе ауылдарына ауыз су жүйесі тартыла бастайтын күн де алыс емес. Жобалық-сметалық құжаттар әзір тұр. «Тек қаржыландыруды күтіп отырмыз», - дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері.

Ілияс Сатқалиев, Шанханай ауылының тұрғыны:

- Қысым жетпейді, иә, төмен қарай кетіп қалады ғой. Кетіп қалған судың бәрі. Жасалғанда дұрыс жасалмаған ғой. Қыста суды ағызып қояды қатып қалады деп. Содан кейін ана резервуарда су қалмайды. Сонымен жоғарғы көшелерге су да шықпайды, бітті сол. Су жоқ, мүлдем құбыр жоқ қой.

Медет Сопбеков, Кербұлақ аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Шанханай ауылына келетін болсақ, былтыр 2018 жылы басталды. 2019 жылдың қыркүйек айында аяқталуы жоспарланып отыр. Ауылдың жоғарғы көшелеріне су құбыры тартылады. Су қоймасы дейміз ғой резервуар, соның ішінде ұңғыма қазылады. Содан кейін су кернеуіш мұнара салынады. Соныменжоғары көшелерге су барады.

Хабар 24 телеарнасы