389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да елді мекендердің 50% жуығы орталықтандырылған ауыз суға жеткен жоқ

  • 726
  • UPD: 09:52, 04.03.2019
ШҚО-да елді мекендердің 50% жуығы орталықтандырылған ауыз суға жеткен жоқ

Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің 50%-ке жуығына орталықтандырылған ауыз су жеткен жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен Ұлан ауданындағы Айыртау ауылына талай жылдан бері құбыр тартылмай тұр. Ауылдықтар тіршілік нәрін әлі күнге дейін «Ақ құдық» деп аталатын жерден алады. Сондықтан ауыз су мәселесі айыртаулықтар үшін де өзекті. Дегенмен, бұл салаға жауапты мамандардың айтуынша, ауыз сумен қамту кезең-кезеңімен жоспар бойынша атқарылып келеді. Қазір облыста ауылдардың 53% астамы таза тіршілік нәріне қол жеткізген.Өткен жылы 18 ауылға құбыр тартылыпты. Нәтижесінде 9 мың тұрғынның су мәселесі түбегейлі шешілді. Алдағы 1-2 жылда Семей қаласының маңындағы елді мекендер мен Аягөз, Зайсан, Жарма, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай аудандарындағы ауылдар да орталық ауыз суға қосылады. Ол үшін биыл құны 51 милллирад теңгеден асатын 54 жоба жүзеге аспақ. Шағын ауылдарға су айдау ұңғымалары салынады.

Мұрат Мұсатаев, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Биыл тағы да біздің облыста 9 ауыл суға қол жеткізеді. Онда 9 мыңға жуық халық бар. Біз жалпы 2025 жылға қарай 100% қамтитын жоспарымыз бар. Оның ішінде 2022 жылы 88% ауылдар суға қол жеткізетін болады.

Хабар 24 телеарнасы