378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде қар жауып, бұрқасын соғады - синоптиктер

  • 306
  • UPD: 12:35, 04.03.2019
Алдағы тәуліктерде қар жауып, бұрқасын соғады - синоптиктер

Синоптиктер 5-7 наурыз аралығында ауа райы болжамын жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте кейбір өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады.

«Наурыздың бірінші демалыстарында ауа температурасы Қазақстанның батыс және қиыр солтүстігінен басқа аймақтарда климаттық нормадан 7…13 градусқа, батыста 1…3 градусқа жоғары, ал максималды ауа температурасы 0 градусқа жоғары болды.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым аймақтарында ауа райын бұрынғыдай атмосфералық фронттар анықтайды, сонымен байланысты солтүстік және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қар, бұрқасын, қатты батыс желі және көктайғақ күтіледі. Қазақстанның басқа аймақтарында жылбысқы қар, оңтүстікте жаңбыр болжанады», - деді «Қазгидромет» өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы