389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразия Ұлттық университеті «12 үздік» спартакиадасын өткізіп жатыр

  • 1010
  • UPD: 15:09, 04.03.2019
Еуразия Ұлттық университеті «12 үздік» спартакиадасын өткізіп жатыр

«12 үздік». Лев Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде осындай атаумен спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жастар жылы» аясында қолға алынған шара университет клубтары мен шығармашылық ұйымдары арасындағы спорттық байқау болып саналады. 100-ден астам белсенділер спорттың бірнеше түрінен өзара мықтылық байқасады. Бүгін студенттер тоғызқұмалақтан жарысса ертең және арғы күндері шахматтан, үстел теннисінен, дартс пен көңілді старт ойындарында сайысады. Ал өткен демалыста волейбол мен футзалдан матчтар өтті.

Әбдіқаһар Сламқұл, Л.Гумилёв атындағы еуразия ұлттық университетінің III курс студенті:

- Жастар жылын ескере отырып, жастардың басын біріктіріп, бір-бірінің достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында, бұлай біздің жасауымыздың себебі осы жастар жылына, жастар құр кетпесін, ең болмағанда бір-бірімен достассын, таныссын, дамысын деген мақсатта жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы