378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық компаниялар Ауғанстанда темір жол салады

  • 202
  • UPD: 20:03, 04.03.2019

Қазақстандық компаниялар Ауған жерінде темір жол салады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі хабарлады.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, шойын жолға қажет рельстерді де Ауғанстан Үкіметі біздің елден сатып алмақ. Шамамен 350 мың тоннасына тапсырыс беріп отыр. Бұдан бөлек министр Үндістандағы 68 отандасымыздың барлығы елге жеткенін мәлімдеді. Қазір Дели-Астана, Дели-Алматы арасындағы рейстер қайта жанданды. Естеріңізде болса, Үндістан мен Пәкістан арасындағы кикілжіңнің кесірінен Делиден Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері уақытша тоқтатылған.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүкіл жолаушылар елшілікте болды. Елшілік көмегін көрсетіп, олардың бәрі елге қайтты. Ең басынан біз бақылауға алып, назарымызда болды. Біздің консул, елшінің өзі жұмыс тобын басқарып, қалған жолаушылардың барлығына көмегін беріп елге қайтарды.

Хабар 24 телеарнасы