378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда есту қабілеті нашар жандар сурдоаудармашы қызметінсіз қалды

  • 189
  • UPD: 20:06, 04.03.2019

Қарағандылық 350 мүгедек мемлекеттен берілетін көмектен қағылып отыр. Құлағы ауыр еститін жандар енді наурыз бойы сурдоаудармашылардың қызметіне жүгіне алмайды. Себебі тендер дұрыс өткізілмеген.

Бүгін олар қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, мәселенің шешілуін талап етті. Аталған бөлім қаңтар айынан бері екі рет байқау жариялаған, бірақ құжатта қате кетіпті. Тек 28-ші ақпан күнгі үшінші байқау сәтті өткен. Бірақ қорытындысы наурыздың 20-да белгілі болады. Сондықтан ол қаржы сурдоаудармашыларға жеткенше кемінде бір ай уақыт керек. Соның кесірінен мүгедек жандар ауруханаға барып ем ала алмай отыр. Ал кейбірі нотариустағы, халыққа қызмет көрсету орталығындағы шұғыл жұмыстарын шегеруге мәжбүр дейді қалалық саңыраулар қоғамының төрағасы Дмитрий Шах.

Бақытнұр Тәліпова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні біз жеке ғана, ымдау тілі мамандарымен жеке келісім-шарт жасау арқылы шеше аламыз бұл проблеманы. Сондықтан бұл кісілерге айтып тұрғаным сол. 20-на дейін біз индивидуально әрбір мүгедектің баратын жеріне ымдау тілі маманының переводын, аудармасын жасау тек қана сол бағытпен ғана шеше аламыз. Басқадай шешетін мүмкіндік жоқ. Өйткені ол ақша конкурсқа салынып қойған ақша.

Хабар 24 телеарнасы