375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да темір тұлпар тізгіндегісі келетін мүгедек жандарға автомектеп ашылды

  • 215
  • UPD: 20:59, 04.03.2019
СҚО-да темір тұлпар тізгіндегісі келетін мүгедек жандарға автомектеп ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында темір тұлпар тізгіндегісі келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектеп ашылды.

Онда тірек-қимыл жүйесі бұзылған жандар көлік жүргізуді үйренеді. Өңірдегі жаңашыл мектеп қала тұрғыны – Сәлімхан Сәбитовтың идеясы. Қазір, ол оқу құралы болып саналатын көлігін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы тіркеуден өткізген. Сәтін салса, көп ұзамай алғашқы 13 адамға көлік жүргізудің қыр-сырын үйретпек. Айта кету қажет, бұл оқу орны - елімізде мүгедектерге арналған алғашқы мектеп.

Сәлімхан Сәбитов, автомектеп директоры:

- Бүгінгі күні Петропавл қаласында 10766 мүгедек жан бар. Олардың 839 адам өзім сияқты миы жақсы істесе де қолы мен аяғында кішкене мүмкіндігі шектулілігі бар. Сондықтан мен Челябі қаласына барып келіп, осы міне өздеріңіз көргендей мынадай міне ручной деталь орнатып, бұл тек ғана қолмен ғана жұмыс істейтін деталь. Бұл жерде былай бассақ газ, былай бассақ тормоз істеп тұр. Және сол балаларды оқыту үшін инструкторға арналған педаль орнатылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы