378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда дертке шалдыққан балаларға иппотерапия курсы ұйымдастырылды

  • 189
  • UPD: 21:20, 04.03.2019

Павлодарлық тәртіп сақшылары сал  ауруына шалдыққан балалардың көңілін аулап, сауықтырмақ ниетте. Осы үшін өңірдегі атты жасақ құрамы мүгедек балаларға  иппотеропия курсын  ұйымдастырды.

Қызметтік аттармен серуендеуге алғаш болып «Самал» оңалту  орталығының тәрбиеленушілері келді. Жалпы сал ауруын  атқа мінгізіп  емдеу тәжірибесі әлемде кеңінен қолданылады. Ат – табиғи тренажер. Оның  жүрісінен адамның бұлшық еттері  қозғалысқа түсіп, жүйке жүйесі тынышталады.Тепе-теңдікті сақтау үшін салт мінген адам бойын жинауға, өзінің әрбір дене қимылын игеруге жаттығады. Ал биікке көтерілу сенімділікті  арттырады. Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер атпен серуендеп ғана қоймай, қызметтік иттердің жаттығуларын көріп, тамашалайды.

Қуаныш Сағиев, кинолог:

- Балаларға негізі   иттер қызық, иттер, жылқылар қызық. Ит деген жеті қазынаның бірі ғой. Сүйе білу керек. Мысалы ит деген әрқашанда сенің қасыңда жүреді. Ешқашан сені тастап кетпейді. Қандай қиын жағдай болса да.

Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаментінің ЖПҚ басшысы:

- Біз бүгінгі  шараға келген балалардың санына қарай  6 ат пен 2 итті қатыстырып  отырмыз. Қолымызда негізі  70 жылқы және  17 итіміз бар.  Алдағы уақытта   балалардың санына қарай  көбейтетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы