375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

  • 208
  • UPD: 21:21, 04.03.2019
Тараздағы жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты blogspot.com

Тараздағы жарылыстан зардап шеккендердің екеуі сауығып, ауруханадан шықты. Қалған екі науқастың бірі, денесін күйік шалған 65 жастағы зейнеткер жан сақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.

Халі орташа, қажетті ем-домын қабылдап жатыр. Ал бірінші  қалалық ауруханада жатқан Аида Төлегенованың жағдайы мүшкіл. 32 жастағы келіншектің басына екі рет операция жасалған. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірін сақтауға Астаналық мамандар да көмектесуде. Өңір дәрігерлері Астанадағы нейрохирургия ұлттық орталығының мамандарымен бірлесіп телемедициналық тәсіл арқылы үш рет кеңес өткізген. 

Марат Жұманқұлов,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ол кеңесте жасалып жатқан ем бойынша, тактика бойынша беріліп жатқан дәрі-дәрмектер бойынша тиісті өздерінің рекомендациялары берілді. Біздің жасап жатқан емімізге дұрыс деген баға қойылды, бүгінгі таңда ол емін алып жатыр. 2 науқас ауруханадан шығарылды, жағдайлары жақсы.

Хабар 24 телеарнасы