378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда 40-қа жуық отбасы үлескерлікпен алған пәтеріне кіре алмай жүр

  • 209
  • UPD: 22:45, 04.03.2019

Үлескерлерден күрескерлерге айналды. Петропавлда 40-қа жуық отбасы жиған-тергенін беріп, сатып алған пәтерлеріне кіре алмай жүр. Жауапты мердігер «КазГродстрой- НС» серіктестігі құрылысты аяқтамаған. Себебі компания банкротқа ұшыраған.  Мәселенің мән-жайын өңірдегі әріптесім Самат Қайырденұлы айтсын.

Мақсат Баймашевтың пәтеріне кіре алмай жүргеніне бірнеше жыл болды.  Өйткені тұрғын үй кешенінде ешқандай коммуникация желілері жоқ. Көптен қүткен қуанышына қол жеткізу үшін азамат банктен ипотека рәсімдеген. Қазір қарызын қайтару үшін айына 90 мың төлейді. 

Мақсат Баймашев, үлескер:

- Пәтерде өзім жөндеу жұмыстарын жүргізейін  десем жылу, су, жарық жоқ. 2018 жылы шілде айында сатып алғанда, бір –екі айдан соң баспанамыз пайдалануға беріледі деп еді. Бірақ, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе  өзгермеді. 

Келісімшарт бойынша 2017 жылы кілті беріледі деген пәтерлерін күте-күте шаршаған үлескерлердің бірінші жиыны емес бұл. Салымшылар осыған дейін талай мәрте мердігердің уәдесіне сеніп тарқасқан. Нәтиже болмаған соң, әкімдіктен де көмек сұрапты.  

Рамиль Мухаметов, үлескер:

- Қалалық әкімдіктегілер сұрақтарыңды мердігермен келсіп өздерің шешіңдер деді. Салымшылардың барлығы бүгінгі күні  100 процент есеп –айырысқан. Сондықтан жергілікті билік өкілдері біздің  мәселні қаперіне алса дейміз.  

Ия, құрылыс компания директоры мұның себебін қарызға белшеден батқандығымен түсіндіруде.Оның үстіне өткен жылдың қыркүйек айнынан бастап қызметкерлерге еңбекақыларын да төлей алмай отыр. Қазір бұл іс сотқа қаралып жатыр. Құзырлы орган сол себепті компания жұмысын үш айға тоқтатуға мәжбүр болған.

Александр Авдеев, құрылыс фирмасының бас директоры:

- Қазір біз инвестор іздестіріп жатырмыз. Наурыз айының соңына дейін табылса, үйді толықтай жылуға қосамыз. Ал жұмысшыларыма еңбек ақыларын төтеу үшін қазір мен компаниямның бір бөлігін сатпақшымын.  Сондықтан 1-2 айдың көлемінде барлық қарыздарымнан құтыламақ ойдамын.

Тұрғындар мәселе шешілмесе покуратураға арызданбақшы. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Аталған кәсіпорын бүгінгі күні Петропавл қаласында   тағы да бірнеше үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Дегенменде қаржының жоқтығынан барлық  жұмыстар тоқтап тұр. Сондықтан тағы да жүздеген үлескер пәтерлеріне қашан қол жеткізетіні әзірге белгісіз. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы