378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы коммуналдық апаттың себебі анықталған жоқ

  • 227
  • UPD: 22:58, 04.03.2019
Павлодардағы коммуналдық апаттың себебі анықталған жоқ

Осыдан төрт күн бұрын Павлодарда болған коммуналдық апаттың нақты себебі анықталмады. Мамандар «ақау ауыз су және шаруашылық мақсатта су тарататын жүйелерде болған» деп есептейді.

Себебі жылу желілерінің олқы тұсы жоқ. Құбырдың жарылған жерін бекіту үшін ертең 30-ға жуық тұрғын үй және әлеуметтік нысан судан ажыратылады. Су тұрғындардың мекенжайларына жеткізіп берілмек. Коммуналдық апаттан бөлек осы аумақ тұрғындарының біраз түйткілі қордаланып қалған екен. Айталық, 10-ға жуық көп қабатты үйдің жертөлесі суға толған. Ал жақын маңдағы ақпараттық және бизнес колледжінің іргесі сөгіле бастаған. 

Темір Қасқабаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Бұл учаскеде техникалық құжаттамасы жоқ жарамсыз құбыр орналасқан. Сәйкесінше, бұл жүйе біраз кедергі келтіріп отыр. Құбырдың жарылған жерін анықтау үшін су тарату жүйесін кезең-кезеңмен тексереміз. Қазіргі уақытта болжамды учаскелер анықталды. Сол себепті су тарату жұмысы уақытша тоқтатылады. 

Жанна Коваленко, Павлодар ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінің директоры:

- Осындай апатты жағдайы жыл сайын қайталанады. Колледж ғимаратының аумағына су жиналып, бірінші қабатқа көтерілді. Апаттың себебі анықталып, тиісті шаралар қолға алынбаса, нысанның іргетасы қирайды. Студенттеріміз үшін қорқамыз.

Хабар 24 телеарнасы