375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда табысы аз бюджет қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

  • 239
  • UPD: 23:09, 04.03.2019
Көкшетауда табысы аз бюджет қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Ақмола облысындағы кітапханашылар мен музей қызметкерлерінің еңбекақысы еліміздегі ең төменгісі. 40-50 мың теңгеден аспайды.

Жүргізуші, электр маманы, көше тазалаушы секілді техникалық мамандардың да айлығы шайлығынан аспайды. Сондықтан мемлекет басшысының сьездегі сөзі біраз жұмысшыларды елең еткізгені анық. Енді олар жалақымыз көтеріледі деген үмітте. Айта кетейік, Nur Otan партиясының сьезінде Елбасы үкіметке еңбекақысы төмен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын 30 процентке көтеруді тапсырған болатын.

Нәзира Рамазанова, кітапханашы:

- Мысалы, қазіргі таңда біздің кітапханашылардың жағдайын айтсақ, өзім кітапханашы болғандықтан. Біздің Көкшетау қаласының кітапханашыларының жалақысы 40-45 мыңнан аспайды. Ол әрине жас мамандарға 40-45 мың өте төмен деп ойлаймын. Өйткені қазір бізде тұрғын үй мәселесі өзекті. Көптеген жас мамандар бізде жалдамалы пәтерлерде тұрады. Ол Көкшетауда ең төменгі пәтерақы қазір 50-55 мың теңге. Сонымен салыстырсаңыз, әрине, ол сәйкес келмейді. 

Серғазы Сәрсенбаев, музей қызметкері:

- Осы музей өнерінде жұмыс істеймін басқа кісілермен. 30 мыңның маңайында зарплата шығады. Ол өзіме жетпейді. Жалғыз қызым бар шынын айтқанда. Кім болып істейсіз? Плотник болып істеймін. Қанша жыл болды істеп жатқаныңызға? Уже 7-8 жылдай болып қалды істеп жатқаныма.

Хабар 24 телеарнасы