384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңде ғаламдық электр желісіне қатысты кездесулер өтті

  • 591
  • UPD: 23:49, 04.03.2019
Бейжіңде ғаламдық электр желісіне қатысты кездесулер өтті

Қытай ғаламдық электр желісін құру жобасына Қазақстанның да қатысқанын қалайды. Бұл жайында халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев хабарлады.

Қазақстан делегациясы Бейжіңде осы мәселеге қатысты кездесулер өткізген. Олар алдағы сәуірде өтетін «Бір белдеу, бір жол» форумы қарсаңында бірқатар істерді пысықтады. Қытайдың қоршаған ортаны қорғау, энергетика министрлігі өкілдерімен кездесіп, ортақ жобаларды талқыға салды. Соның бірі Қытайдың жаһан жұртына ұсынып отырған State Grid жобасы. Оның өзегі ғаламдағы баламалы қуат өндіретін электр желілерін біріктіру. Сөйтіп, әлем халқын энергияны үнемді пайдалануға үйретіп, қоршаған ортаның ластануын азайту. Қазақстан бұл жобаға үлкен қызығушылық танытып отыр. Алдағы уақытта Қытайдың ұсынысын жан-жақты талдап, техникалық негіздеме әзірленеді.

Рәпіл Жошыбаев, халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы:

- Бүгін бізге бұл жобаның технологиялық артықшылығын таныстырды. Іске асырып жатқан жобалары өте жақсы. Олардың ғылыми базасымен және зерттеулерімен танысу үшін Қазақстанға шақырдық. Қытайлық әріптестер шығыны аз болатын электр тарататын жоғары вольтты желілерді ұсынып отыр. 2 мың шақырымға бар-жоғы 7 процент шығын кетеді. Бұл электр желілерін шалғайға тартуда өте тиімді болады.

Хабар 24 телеарнасы