378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулық жеке кәсіпкер теңіз жағалауын заңсыз қоршап алған

  • 190
  • UPD: 07:17, 05.03.2019
Ақтаулық жеке кәсіпкер теңіз жағалауын заңсыз қоршап алған

Ақтаулықтар «жылы жағажай» деп атап кеткен жерді кәсіпкер заңсыз қоршап алған.

Әлеуметтік желіге таралған ақпарды қала әкімдігінің өкілдері растап отыр. Айтуларынша, осы дерекке байланысты тексеру жүргізілген. Белгілі болғанындай, көлемі 1,6 гектар жерді бизнесмен 2012 жылы жалға алады. Жоба бойынша мұнда төрт кешен салынуы тиіс. Алайда кәсіпкер бір ғана ғимарат тұрғызып, қалған жерді екінші серіктестікке сатып жібереді. Соңғысы құрылыс бастау үшін қоршау салады. Қазір осы әрекеттердің заңға сәйкестігін жергілікті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы анықтап жатыр.  

Елтай Даиров, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:

- Басқармадан жауап келген соң, оның негізінде кәсіпкерге шара қолданылады. Бизнесмен айыппұл төлейді немесе заңсыз салынған қоршау бұзылады. Қала әкімдігінде құрылған жұмыс тобы теңіз жағалауында салынған құрылыстардың заңдылығын тексеріп тұрады. Мұндай келеңсіздік биылғы жыл басынан бері бірінші рет тіркеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы