379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында миллионға жуық тұрғын табысын жария етеді

  • 303
  • UPD: 07:26, 05.03.2019
Қостанай облысында миллионға жуық тұрғын табысын жария етеді Sputniknews.kz.

2020 жылдан бастап Қостанай облысының 957 мың тұрғыны жалпыға ортақ декларация тапсырады.

Мүлік пен табысты жария ету науқаны барлық жеке тұлғаларды қамтиды. Несие, ипотекалық қарыздар, біреуден алған берешегіңізді де тізіп беруге міндеттісіз. Тіркелген мүлкі бар кәмелетке толмағандар және зейнеткерлер де одан босатылмайды. Бұған дейін жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, автокөлік, банктегі салымдар туралы мәліметтерді судьялар, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер ұсынған. Табыс туралы есеп беруден бас тартқандарға әкімшілік жаза қарастырылады. Облыс көлемінде тұрғындарға бірыңғай декларацияның ережелері кеңінен түсіндіріліп жатыр. Азаматтар e-gov.kz және Мемлекеттік кіріс комитетінің сайттарында декларацияға қатысты ақпараттармен таныса алады.

Бауыржан Ерменов, облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы:

- Кірістер, сатып алған мүлік туралы декларация жыл сайын тапсырылады. Тұрғындардың шамамен 70 проценті оны бір парақта қысқаша түрде ұсынады. Жалпы мұндай шара сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикамен күрес бағытында қолға алынып отыр. Осылайша жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы