378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл ақмолалық 2 мыңнан астам адам қысқамерзімді оқу курстарынан өтеді

  • 179
  • UPD: 07:48, 05.03.2019
Биыл ақмолалық 2 мыңнан астам адам қысқамерзімді оқу курстарынан өтеді

Осылайша жұмыссыз жүрген тұрғындар жаңа мамандық меңгеріп, екі қолға бір күрек табуға мүмкіндік алмақ.

Мәселен, былтыр осындай оқудан өткен азаматтардың көбі қызмет көрсету саласын таңдапты. Олардың кейбірі тіпті жеке бизнесін де ашып алған. Мәселен, Шортанды ауданында тұратын Юрий Рип бұрын қарапайым құрылысшы болған. Алайда Астанаға сабылудан жалыққан ол массаж жасаудың қыр-сырын меңгеріп, аудан орталығынан емдеу орнын ашқан. Онымен қоймай, жанына фармацевт маманын алып, шағын дәріхананы да іске қосқан.

Юрий Рип, Шортанды ауылының тұрғыны:

- Бизнес жоспарымды түзген соң, несие алып, қажетті қондырғыларды сатып алдық. Массаж салонын ашқан себебім, біздің ауданда бұрыннан мұндай орын болған жоқ. Қазір енді бізге халық та біртіндеп үйрене бастады.

Азамат Жәнбеталин, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім жетекшісі:

- 2018 жылы қысқамерзімді оқу курстарынан 1624 адам өтуі керек болатын. Біз бұл жоспарды артығымен орындадық. Олардың 93 проценті жұмысқа орналасты. Бағдарлама бойынша тұрғындардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

Хабар 24 телеарнасы