378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық өнім бәсекеге қаншалықты қабілетті?

  • 191
  • UPD: 10:00, 05.03.2019

Енді отандық кәсіпкерлер өз өнімдерін ірі сауда желілерінің сөресіне кедергісіз қоюға мүмкіндік алады.

Астанада құны 20 млн долларға арнайы сауда орталығы салынбақ. Қыруар қаржы жеке инвесторларға тиесілі. Нысанның басты мақсаты – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру.

Отандық өнімді бәсекеге қабылетті етудің жолы қайсы? Тауар толы сөреден жеме-жемге келгенде тұтынушының көңілі импортқа ауып тұратыны рас. Әлемдік брендтермен иық тіресуі екіталай шығар. Бірақ шикізаттың өз елімізде мол екенін әрі химялық қоспасы жоқ екенін ескерсек, сапа жағынан ешкімге дес бермеуімізге болар еді. Бірақ?  

Арман Ақбердиев, маркетолог:

- Өндірушілердің бір қателігі болады. Олар нарықты зерттемейді. Қандай тауар керек екенін зерттемейді. Өзінің ойымен, арманымен тауарды шығарады. Ал ол сұраныста жоқ болуы мүмкін.

Бұл бір. Екіншіден, маркетингке баса көңіл бөлу маңызды. Әрине, қазір ет, нан, өзге де азық-түлік өнімдерінің дайындалу, қаптау технологиясы әлдеқайда жетілген. Дегенмен көп жағдайда шетелдік өнімдердің бәсі артық түсіп жатады. Сондықтан ірі сауда орындары да өтімдісін таңдайды.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мұндай проблема бар. Бұл негізінен ауылды аймақта шағын және орта кәсіппен айналысатындарға қатысты. Олар өнім шығарып, оны қайта өңдеп, сауда желілері арқылы сатуға тырысады. Бұл мәселенің негізі, біріншіден, бұл тауар тұрақты жеткізіліп тұрмайды. Сондай-ақ өнімнің көлемі мен сапасы үлкен дүкендерді қанағаттандырмайды. Екінші жағынан, проблема шаруаларда деп айтуға да болмайды. Өйткені ауыл шаруашылығымен айналысатындар көп. Менің ойымша, бүгінгі таңда отандық өнімдерді қолдап, нарыққа шығаруға бағытталған жүйе жеткіліксіз. Біздің жүйе тұрақты жеткізілуін және нарықта белсенді жұмыс істейтін танымал трансұлттық компанияларды таңдайды.

Отандық өнімді ірі сауда желілері қолдап, алдыңғы сөреден орын берсе қайсы? Бірақ бұл шаруа үшін арман ғана.

Арман Ақбердиев, маркетолог:

- Үлкен гипермаркетті түсінуге болады. Бұларға ассортимент көп болуы керек. Бағасы жақсы болған. Тауар үздіксіз келіп тұрғаны жақсы. Ол үлкен кәсіпорындармен жұмыс жасағанды қалайды. Себебі, олардың қаржылық деңгейі тұрақты компания. Тауарлары сұраныста бар. Тауар келмей қалады деген болмайды.

Көш жүре тузелуі тиіс. Үкіметте отандық өнімді барынша қолдап келеді. Осы ретте көтерме-бөлшек сауда желілері ашылып жатыр. Бұл іске жеке инвесторлар  тартылған. Яғни шаруа мен диқанның өнімі тікелей осы орталықтар арқылы сатылады. Арада делдал жүрмейді. Бұл сауда жүйесінің тағы бір артықшылығы, жыл он екі ай бойына жұмыс істейді. Демек өнім өндірушіге қай мезгілде де қолайлы. Ал жағдай болған соң, шаруаның да айы оңынан туып, тауарының сапасын арттыруға көңіл бөле алады. 

Хабар 24 телеарнасы