378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Qazaq Air сегіз халықаралық бағыт бойынша ұшады

  • 231
  • UPD: 10:42, 05.03.2019
Qazaq Air сегіз халықаралық бағыт бойынша ұшады

Qazaq Air әуе компаниясы халықаралық бағыттарға ұшуға рұқсат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалы желісін кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Конкурс комиссиясының Qazaq Air әуе компаниясы өтініштерін қарауы нәтижесінде компанияға халықаралық әуе бағыттарына ұшуға рұқсат куәлігі берілді. Qazaq Air әуе компаниясы халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыруды жоспарлап отыр», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті. Компания алдағы уақытта келесі бағыттар бойынша ұшуды жүзеге асырмақшы: Алматы – Бішкек – Алматы; Алматы – Ош – Алматы; Атырау – Астрахань – Атырау; Атырау – Минеральные Воды – Атырау; Атырау – Тбилиси – Атырау; Ақтау – Тбилиси – Ақтау; Ақтау – Грозный – Ақтау; Өскемен – Новосібір – Өскемен.

Наурыз мерекесі қарсаңында, 2019 жылдың 21 наурызы күні Алматы – Бішкек бағытындағы алғашқы сапар жүзеге асырылады. Ал одан кейін көршілес елдің астанасына әуе компаниясының ұшақтары аптасына екі рет қатынайтын болады.

Айта кетейік, Qazaq Air әуе компаниясы IOSA сертификатын ала отырып, халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай екенін дәлелдеді.

Хабар 24 телеарнасы