378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана-Павлодар тасжолы бойындағы жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталады

  • 215
  • UPD: 12:44, 05.03.2019

Қазіргі уақытта 253 шақырым жасалды.

Жылдың соңыңа дейін тас жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Бұдан бөлек ақылы жолдардың қызмет ету барысы да баяндалды. Министр орынбасарының айтуынша, алдағы уақытта бұл жолдар жыл сайын түсетін қаржы көлеміне байланысты өзін-өзі өтейтін болады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Бұл жүйе 26 қаңтарда іске қосылды. Cодан бері 147 миллион теңге жиналды. Ал ақылы жолдарды жөндеу жұмыстарына жыл сайын 3-8 млрд теңге жұмсалады. Бірақ біздің жоспар бойынша осы бағдарламаның нәтижесінде 4-5 млрд теңге түсім түсуі керек. Жиналған қаржы осы жолдарды жөндеуге жұмсалады. Яғни қосымша қаражат кетпейді.

Хабар 24 телеарнасы