378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударудан елордалықтар екінші орында тұр

  • 240
  • UPD: 13:46, 05.03.2019
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударудан елордалықтар екінші орында тұр

Медициналық сақтандыру жүйесі – медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімділігінің кепілі.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпаны аралығындағы Астана қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 18,6 млрд теңге шамасында. Бұл республика бойынша түскен 149,2 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,5 %-ын құрайды. Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Астана медициналық сақтандыру жарналары аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21%) кейін екінші орында, ал үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2%).

«Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер белсенділік танытып келеді. Яғни медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 17,36 млрд теңге (93%) дәл осы жұмыс берушілерге тиесілі, қалған 1,30 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардан түскен жарналар», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. Соған сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Ақпарат көзі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы