378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырбойылық кәсіпкер аз қамтылған отбасыларды тегін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді

  • 245
  • UPD: 13:28, 05.03.2019
Сырбойылық кәсіпкер аз қамтылған отбасыларды тегін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді

Қармақшылық жас кәсіпкер өз ауылындағы аз қамтылған отбасыларды тегін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Ол мұндай мүмкіндікке «Жас проджект» жобасы аясында қол жеткізді. Шалғайдағы ауыл өрені айтулы байқау туралы интернет арқылы білген. Осылайша аудандық «Жастар ресурстық» орталығына барып, тренингтерге қатысады. Тың бастама ұсынып, 1 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алған Данияр Шаянбеков 3 бұзаулы сиыр сатып алды. Ең бастысы, сиыр сүтінен қатық ұйытып, айран пісіп қана қоймай, құрт, май, ірімшік жасап пайдаға кенеліп отыр. Дегенмен оның бизнес жоспарының бір ерекшелігі – ауылдағы 12 отбасының 70 мүшесін 6 ай көлемінде тегін сиыр сүтімен қамтуы тиіс. Осындай іскерлігінің арқасында Данияр 3 жерлесін де жұмыспен қамтыған.

Данияр Шаянбеков, Дүр Оңғар ауылының тұрғыны:

- Жобамда ауылда жүрген жұмыссыз жас жігіттерді қасыма тартып, олар да 40 мың теңге шәкіртақысын алды. Ендігі мақсатым – Жастар жылына берілетін 3 млн теңге грантты алып, үлкен дәрежеде кәсіпкер болу.

Әділ Ибраһим, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:

- «Жас проджект» жобасы бойынша Қармақшы ауданында 30-дан аса жоба ұсынылып, оның ішінде 13 жоба жеңімпаз атанды. 13 жоба бойынша 39 ауданымыздың жұмыссыз жастары әлеуметтік кәсіпкер болып, ауданға 13 млн теңге инвестициядан бөлек, қазіргі таңда өзге де бизнес несиелер мен бизнес гранттарға қарай оқыту курстарын жалғастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы