389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада туристік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама таныстырылды

  • 855
  • UPD: 18:18, 05.03.2019

Бүгін Nur Otan партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кезекті жиынға өзек болған мәселе туризм, нақтырақ айтқанда, аталған саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Құжаттың басты мақсаты – жалпы ішкі өнімдегі туризм үлесін 8 процентке дейін жеткізу.

Айта кетейік, қазір бұл көрсеткіш 1 проценттің шамасында. Мемлекеттік бағдарлама 10 ауқымды жобаны қамтиды. Олардың арасында Алакөл көлі, Алматы облысындағы тау шаңғысы курорты, Балқаш, Баянуыл, Бурабай сияқты демалыс аймақтары бар. Міне, осы нысандарға алдағы 6 жылда 13 жарым миллион турист тарту көзделіп отыр. Бүгінгі жиында бағдарламаның жекелеген тұстарына қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Олар бағдарламаға енгізіліп, көп ұзамай еліміздің Үкіметіне жіберілетін болады.      

Айзада Құрманова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:    

- Бағдарламаның басты мақсаты – туризмнің ЖІӨ үлесін 8 пайызға көтеру. Ол үшін тиісті механизмдер қабылданатын болады. Соны мемлекеттік атқарушы органдармен бірге, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге және жергілікті бизнес өкілдерімен бірге талқыладық. 

Хабар 24 телеарнасы