378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда қай өңірдің халқы ұзақ өмір сүреді?

  • 263
  • UPD: 16:47, 05.03.2019
Қазақстанда қай өңірдің халқы ұзақ өмір сүреді?

Алматыда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті.

Бұл – бүкіл ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы бүгін қалалық қоғам денсаулығы басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева айтты.

«Денсаулық тұрғысынан негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Алматыда орташа өмір сүру ұзақтығы республика бойынша рекордты көрсеткіш – 76 жас. Онкологиялық аурулардан болатын өлім азайған. Туберкулезден болатын  өлім 8%, жалпы өлім көрсеткіші 1,6% төмендеген», - деді Әсел  Бисенбаева. 

Оның айтуынша, республика бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы – 73 жас. «2018 жылы денсаулық сақтау саласына 165 жас маман тартылған. Одан бөлек, орта медициналық оқу орнын бітірген 309 түлек жұмысқа орналасты», - деді ол.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы