389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ШҚО-да 4 ірі жоба жүзеге асуда

  • 626
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ШҚО-да 4 ірі жоба жүзеге асуда

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында 4 ірі жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Омбы - Майқапшағай, Таскескен - Бахты, Өскемен-Алтай - Рахман бұлақтары бағыттары бар. «Қазавтожолдың» облыстық филиалының мәліметі бойынша, бұл құрылыстар аймақта туристік кластерді дамытуға серпін береді. Былтыр бағдарлама бойынша 800-ден астам адам жұмыс тапқан. Биыл бұл көрсеткіш одан екі есе артық болады деген жоспар бар. Жалпы облысқа қарасты көлік жолдарының тозығы жеткен тұстарын айтып тауысу мүмкін емес. Әсіресе шалғайдағы Аягөз, Күршім,Тарбағатай аудандарында жол жоқтың қасы. Тіпті 30-40 жыл бойы жабындысы жаңартылмағандары бар. Дегенмен өткен жылы облыста 236 миллард теңге бөлініп, 236 шақырым жол жөнделіпті. Бұл шаруа биыл жалғасады.

Нұржан Жұмаділов, ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Биыл 300 шақырымнан астам жол орташа жөндеуден өтеді. Оның ішінде Семей - Қаруыл, Семей - Курчатов,Үлкен Нарын - Күршім,Өскемен - Тарғын-Самар тағы да аудандық маңызы бар жолдар жөнделетін болады.

Хабар 24 телеарнасы