378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 17 млрд теңге бөлінді

  • 213
Алматы облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 17 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында жолдарды жөндеп, оны күтіп ұстауға жыл сайын шамамен 30 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл мол қаржының тең жартысынан астамы облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталады. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Талдықорған – Өскемен», «Үшарал – Достық», «Күрті – Бурылбайтал», «Ұзынағаш – Отар» тасжолын жөндеу жұмыстары жалғасады. Сосын жеке инвестордың қатысуымен «Алматы – Бішкек» бағытындағы «Алтын Орда» базарының алдынан он жолақты жол салына бастайды. Осы жобалардды жүзеге асыруға 50 миллиард теңгеден астам инвестиция салынады. Сол арқылы 4,5 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.

Ержан Жасыбаев, Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– «Алматы - Өскемен», «Үшарал - Достық», содан кейін Сатыға баратын жол, әрі қарай Қырғызстанға баратын жол бар, бұл жолдардың бәрі екінші жыл қатарынан істеліп жатыр. Биыл аяқталуы керек. «Алматы – Өскемен» былтыр басталды, 2019-2021 жылдар аралығында бітуі керек. «Үшарал – Достықты» да мердігерлер 2019-2021 жылдар аралығында бітіріп, эксплуатацияға өткізуі керек.

Хабар 24 телеарнасы