378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да елік атқандар ұсталды

  • 218
СҚО-да елік атқандар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында елік атқан 5 браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаскөйлерді полицейлер мен қорық қызметкерлері бірлесіп қолға түсірген. Тінту кезінде олардың көлігінен 9 еліктің еті табылды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Егер кінәләрі дәлелденсе, 12 млн теңге айыппұл төлейді немесе әрқайсысы 5 жылға сотталуы мүмкін.

Нұрбек Баекин, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– ҚР ҚК 337 бабының 4 блігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнынан 5 жұп аңшы шаңғысы мен 2 бірлік аңшы мылтығы тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы