378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2025 жылға дейін БҚО-да 8 жарым мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

  • 253
2025 жылға дейін БҚО-да 8 жарым мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Батыс Қазақстан облысында 2700 пәтерлік 20 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдық жерлерде жыл соңына дейін 70-тен астам тұрғын үй қолданысқа беріледі. Ал 2025 жылға дейін өңірде 8 жарым мыңдай отбасы баспанамен қамтылады. Жалпы аймақта атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 21 мыңнан асады. Nur Otan партиясының 18-съезінде Президент жүктеген негізгі 10 бағыт бойынша аймақта ауқымды жұмыстар қолға алынады. «Оған әлеуетіміз толық жетеді», – дейді өңір басшылары.

Ақсерік Әйтімов, БҚО бойынша қоғамдық кеңес хатшысы:

– Алдымызда үлкен жоба тұр, ол жоба ішінде көпбалалы отбасыларға, жалақысы төмен адамдарға қамқорлықты екі есеге дейін өсіру жоспарланып отыр.

Жанна Әлдібаева, Теректі ауданының тұрғыны:

– 5 баламыз бар. Жасым отызда. Қазіргі уақытта Теректі аудандық ауруханасында әлеуметтік қызметкер болып жұмыс атқарып жатырмын. Көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы аламыз.

Хабар 24 телеарнасы