378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздағы жарылыстан зардап шеккендерге кәсіпкерлер көмек беруде

  • 261
Тараздағы жарылыстан зардап шеккендерге кәсіпкерлер көмек беруде

Таразда болған жарылыстан баспанасыз қалған отбасыларға кәсіпкерлер көмек беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мердігер компаниялардың қожайындары жарылыс кезінде маңайдағы көпқабатты үйлердің зақымданған есік, терезелерін жөндеуге кіріскен. Ал жергілікті іскер әйелдер қауымдастығы Бәйтерек ықшам ауданында уақытша қоныстанған отбасыларға азық-түлік үлестіріп, қант-май, ұн жеткізіп берді. Бүгінге дейін осындай жәрдемге шамамен 2 миллион теңге жұмсалыпты. Қазір шаһарда үй-күйсіз қалғандарға көмек көрсететін «Көне Тараз» қоғамдық қоры жұмыс істеп тұр. Бірқатар мемлекеттік қызметкер осы қорға бір күндік жалақыларын аудара бастады. Естеріңізге сала кетейік, 62-үйде болған жарылыстан 3 адам көз жұмып, 6 адам жарақат алған еді. Ал жарылыстың неден болғаны әлі белгісіз. Оны нақты анықтау үшін Қарағанды мен Алматы қалаларынан қосымша мамандар шақыртылуы мүмкін.

Ғазиз Ералиев, төтенше жағдай себептерін тергеу бойынша комиссия мүшесі:

– Зардап шеккен азаматтар киім-кешекпен қамтамасыз етілуде. Тараз қаласының тұрғындары ғана емес, басқа облыстардың қалталы азаматтары осы отбасыларға көмектессе деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы