378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да тағы бір цифрлық тауарлы-сүт фермасы ашылады

  • 272
  • UPD: 20:50, 05.03.2019

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір цифрлық тауарлы-сүт фермасы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Новоалександровка ауылында «ақылды» мал кешені салынып жатыр. Оның құрылысына 600 млн теңге қаржы жұмсалған. Бұл – серіктестіктің осымен озық технологияға негізделген үшінші шаруашылығы.

Александр Мартынов Трудовое ауылында туып өсті. 17 жасында шаруашылыққа жұмысқа орналасқан. Еңбек жолын қарапайым механизатордан бастаған ол бүгінде білдей бір бөлімшені басқарып отыр.

Александр Мартынов, бөлімше басқарушысы:

– Бізде әрқашан жұмыс бар. Ауылда жай отырған адам жоқ. Жыл он екі ай осындай. Қазір сүт фермасы, мал бордақылау алаңындамыз, көктемде егістікке шығамыз. Бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқтамайды.

Бұл тауарлы – сүт фермасы толық цифрландырылған. Сауыншылар бұрынғыдай шелек алып жүгірмейді. Сиырлар бір жерде сауылады. Олардың мойнына арнайы құрылғы тағылған.

Татьяна Кондратьева, ферма технологы:

– Бұл жүйе арқылы қай сиыр қанша сүт бергенін білеміз. Жай-күйі қандай? Қашан екпе жасалды? Бәрі жазылған.

Қазір кәсіпкер көрші Новоалександровка ауылында тағы бір осындай «ақылды» мал кешенін салып жатыр. Яғни ондағы адамдарға қысы-жазы жұмыс болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы