378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заманауи мемлекеттік қызметкер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

  • 239
  • UPD: 21:29, 05.03.2019

Қазір елімізде алдыңғы қатарлы басқару корпусын қалыптастырудың қамы жасалып жатыр.

Өз ісіне өте жауапты қарау, тәртіпке бағыну және ескіше ойлаудан арылу. Жас мемлекеттік қызметші Рустам Алпысбаев үшін бұл ұғымдардың мән-мағынасы өте зор. Ол орда бұзар отыз жасында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Оның пікірінше, заманауи мемлекеттік қызметші трендте болып, жұмыс барысында инновациялық технологияларды тиімді пайдалана білуі тиіс.

Рустам Алпысбаев, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

– Заманауи жас мемлекеттік қызметші ойы шексіз, заманға сай, білімді және кең өрісті болуы керек. Кез келген маман айналасындағы болып жатқан жағдайлар жайлы түсінігі бар азамат болуы тиіс. Сонымен қатар белгілі бір салада үздік маман болуы қажет.

Ішкі саясат саласында қызмет етіп жүрген маман өңірдегі шаралармен шектеліп қалмай, республикада және әлемде болып жатқан оқиғаларды қалт жібермей сараптап, саралап отыруы тиіс. Ол өз қарамағындағы қызметкерлерінен де осыны талап етеді. Спортпен айналысуға да жіті көңіл бөледі.

Рустам Алпысбаев, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

– Спорт адамның жұмысындағы қабілетін анықтауға өте үлкен көмек, әсерін тигізеді. Жалпы бір нәтижеге жету үшін әр адам өзінің бір бағытын алып, айқындап, жалпы командаға керек нәтижеге күш-жігерін салуын сол азаматқа түсіндіруге өте үлкен әсерін, ықпалын тигізеді.

Рустам Әлиұлы басқарып отырған ұжым бүгінде цифрлық жобаларды жүзеге асыруға жұмыла кіріскен. Алдағы уақытта еліміздегі қоғамдық пікір қалыптастырушы тұлғалармен кездесу ұйымдастырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар шара өткізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы