375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында сот жүйесін ізгілендіру жайы талқыланды

  • 272
Алматы облысында сот жүйесін ізгілендіру жайы талқыланды

Елбасының жаңадан құрылған Үкіметтің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін сот жүйесін ізгілендіріп, бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу қажет.

Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Алматы облысына барған сапарында мәлімдеді. Жетісудағы құзырлы органдардың басшыларымен кездескен вице-спикер Nur Otan партиясының съезінде көтерілген мәселелерге де кеңінен тоқталды. Осыдан ширек ғасыр бұрын республикадағы сотталғандардың саны 100 мыңға жетіп жығылатын. Бүгінде ол 3 есеге азайды. Нәтиіжесінде 7 түрме жабылды. Бұл – еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықтың бір белгісі. Дегенмен сот жүйесін ізгілендіру бағытында атқаратын шараларымыз шаш етектен, дейді Бектас Бекназаров.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

– Бірінші шілдеден бастап бұл қызмет жүзеге асуы керек. Сондықтан алдымызда үлкен міндеттер тұр. Қысқа уақытта осы өзгерістерді заңға енгізуіміз қажет. Ал ол үшін жер-жерде халықтың елдің пікірін білу біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы