378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атаулы әлеуметтік көмек 830 мың қазақстандыққа беріледі

  • 362
Атаулы әлеуметтік көмек 830 мың қазақстандыққа беріледі

Аз қамтылған отбасыларда тұратын әрбір балаға арналған әлеуметтік көмектің көлемі 40 процентке артады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Осы жылдың бірінші шілдесінен бастап атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді. Жәрдемақы жазға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 проценті мөлшерінде берілсе, шілденің бірінен бастап бұл меже 70 процентке дейін артады. Яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көтеріледі. Егер аталған көмекті осы уақытқа дейін 571 мың адам алып келсе, енді бұл тізім 260 мыңға көбейіп, 830 мың қазақстандыққа беріледі. Сонымен бірге бірінші шілдеден бастап отбасының жиынтық табысы есебінен көпбалалы отбасыларға, алтын алқа, күміс алқа иегерлеріне, мүгедек балалары бар жанұяларға берілетін жәрдемақылар алынып тасталады. Яғни атаулы көмек алу үшін бұл жәрдемақылардың бар-жоғы есепке алынбайды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Төрт баласы бар ана қанша алатын болады? Қазір ол кісі 63 740 теңге алатын болса, онда осы жоғарылауға байланысты 103 945 теңге алады. Егер олардың табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, қосымша жәрдемақы алады. Яғни ол кісілердің табысы 114 449 теңге болады.

Хабар 24 телеарнасы