378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А. Мұхамедиұлы оқушылардың көктемгі демалысын Наурыз мерекесіне ауыстыруды ұсынды

  • 296
  • UPD: 21:23, 05.03.2019
А. Мұхамедиұлы оқушылардың көктемгі демалысын Наурыз мерекесіне ауыстыруды ұсынды

Мәдениет және спорт министрі оқушылардың көктемгі демалысын Наурыз мерекесіне ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сонда басқа қалада оқитын оқушылар мен студенттер әз-Наурызды үйіне барып, тойлай алады. Сөйтіп бұл нағыз отбасылық мейрам болады», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Қазір бір апталық демалыс наурыздың 24-інен кейін бір-ақ басталады. Ал министр осы айдың 14-мен 23-і аралығына белгілеу бастамасын көтеріп отыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Қазақстанда оқушылар үшін демалыс наурыздың 24-і басталады. Студенттер де осы уақытта демалысқа шығады. Бұл – жұмыс күндері. Ал каникулдарды Наурыз мерекесіне ауыстырғанда, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға отбасының барлық мүшесі жиналушы еді.

Хабар 24 телеарнасы