378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте түрлі дене жарақатын алған науқастарды ауруханаға жатқызу жағдайы оңтайландырылды

  • 267
  • UPD: 22:17, 05.03.2019

Шымкентте аяқ-қолы сынып, түрлі дене жарақатын алған науқастарды ауруханаға жатқызу жағдайы оңтайландырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшелері клиникалық ауруханамен біріктірілді.

Консультативті диагностикалық орталыққа келген Абдумалик Хабимов қажетті ем шараны дер кезінде алғандығын айтады. Науқас үй шаруасымен айналысып жүріп, кенеттен аяғын жарақаттап алыпты. «Көмек көрсеткен медицина мамандарына алғысым шексіз», – дейді қала тұрғыны.

Абдумалик Хабимов, қала тұрғыны:

– Маған көмекті уақытында көрсетті. Барлығы сәтті өтті. Қазір жібін алды. Бұл жерде ем шараны ауқымды түрде алуға болады екен. Себебі орталық клиникалық аурухананың маңында. Диагностика жасата аласың. Бұрындары бұл бөлімше аядай ғана жерде отыратын. Қазір кең, қажетті жабдықтары жетерлік.

№1 клиникалық ауруханаға көшкен бұрынғы травматологиялық мекемедегі 200-ге жуық қызметкер енді осында еңбек етеді. Ақ халаттыларға жұмыс жеткілікті. Дәрігерлер бірінші кезекте дене жарақатын алғандарға ем-дом жасайды. Емдеу орнының бір жерден екінші жерге ауысқаны ең әуелі халық үшін тиімді болып отыр.» Енді бұл жерде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артады», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының жетекшілері.

Темірхан Варзилов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Мұнда келетіндер білікті дәрігерлерден кеңес ала алады. Барлығына қолайлы, қолжетімді. Консультативті диагностикалық орталыққа келген науқас қасында тұрған көпсалалы клиникалық ауруханаға көтеріліп, дәрігер тағайындаған диагнозымен жата алады. Яғни орталықтан соң, ауруханаға сабылып жүрмейді. Оңтайландыру жүйесі заманауи тұрғыда қажет.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жаңа мекенжайға көшкен дәрігерлер үшін барлық жағдай жасалған. Себебі күнделікті 200-250 науқас медициналық көмекке жүгінеді. Орта есеппен олардың 70-90 пайызы ауруханаға жатқызылады. Емдеу мекемесі соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен қамтылған. Айтпақшы, бүйрек пен бауыр трансплантациясы операциясы да осы жерде жасалады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы