378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жерасты суы көтерілетін аймақтарды бақылау штабы құрылды

  • 216
  • UPD: 07:12, 06.03.2019
Павлодарда жерасты суы көтерілетін аймақтарды бақылау штабы құрылды

Павлодарда жерасты сулары көтерілетін аумақтардағы жағдайды бақылау мақсатында жедел штаб құрылды.

Бүгінде облыс орталығындағы Екінші Павлодар шағын ауданында сақтық шаралары күшейтілді. Өткен жылдың күзінде жекеменшік сектордың 500-ге жуық тұрғын үйі су астында қалған. Соның салдарынан 10-нан астам баспана апатты деп танылды. Кешенді жоспар аясында жерасты және қар суын сору мақсатында сегіз ұңғыма мен арнайы қазан-шұңқыр қазылды. Айта кетейік, әзірге жерасты суларының көтерілу себебі белгісіз. Мұны анықтау мақсатында биыл жазда гидрологиялық зерттеулер жүргізілмек.

Александр Косянок, екінші павлодар шағын ауданының тұрғыны:

- Күн жылынысымен қар ери бастайды. Былтырғыдай етік киіп, қолымызға күрек аламыз. Төзіміміз таусылды.

Ермұрат Нұрханов, қала әкімінің орынбасары:

- Мақсатымыз судың көтерілуіне жол бермеу. Тұрғындар зардап шекпеуі керек. Осы жылы дайындық күшейтілді, техника құралларының саны артты. Су сору құралдары мен ұңғымалар қолданысқа дайын.

Хабар 24 телеарнасы