377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы коммуналдық апаттың себебі анықталды

  • 219
  • UPD: 07:29, 06.03.2019
Павлодардағы коммуналдық апаттың себебі анықталды

Павлодарлық коммуналдық қызмет өкілдері ондаған көп қабатты үй, әлеуметтік нысандар мен бір колледжді су астында қалдырған апаттың себебін анықтады.

Ақау жекеменшік компанияға тиесілі желілерде болған. Жұртты әбігерге салған жайттың нақты себебін анықтау мақсатында 30-ға жуық көпқабатты нысан судан ажыратылып, желілер жіті бақыланды. Коммуналдық апатты жою мақсатында 40 арнайы техника жұмылдырылып, инженерлік желілердің бойындағы құдықтар мен су тарату құбырлары тексерілді. Бірнеше күннің ішінде мың текше метр су сорғызылды. Жергілікті әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, тұрғындарды әбігерге салған компанияның келтірген шығыны сот тәртібі аясында есептелмек. 

Ермұрат Нұрханов, қала әкімінің орынбасары:

- Толстой-Камзин көшелерінің бойындағы құбырда ақау бар.  Желі «Бәйтерек» дүкеніне тиесілі болып шықты. Ақау табылғаннан кейін нысанға су беру тоқтатылды. Осы дүкеннің құбыры арқылы таралатын су колледж аумағына кіріп кеткен. Қазіргі уақытта сала мамандары қосымша тексеріс жұмыстарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы