378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Табыс пен мүлікті жария етуге БҚО-ның 400 мың тұрғыны қатысуы мүмкін

  • 215
  • UPD: 07:47, 06.03.2019
Табыс пен мүлікті жария етуге БҚО-ның 400 мың тұрғыны қатысуы мүмкін

2020 жылы басталатын табыс пен мүлікті декларациялау шарасына 400 мыңға жуық батыс қазақстандық қатысуы мүмкін. Қазір Мемлекеттік кірістер жөніндегі департамент мамандары салық төлеушілерге декларациялау тәртібін түсіндіруді бастап кетті.

Бұл ретте тұрғындар жылжымайтын мүлік пен жер телімін, автокөлікті, банктегі салымдары мен ақша қаражаты, антиквариат пен бағалы заттарын көрсетуге міндеттелмек. Жыл бойы жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы немесе жалақыдан өзге ешқандай табыс таппаған жандар үшін де декларация үдерісінің өзіндік жолдары қарастырылған.

Тимур Төлепов, облыстық МКД басқарма басшысы:

- Бұл декларацияның табыстау мерзімі 15 шілде қағаз түрінде табыстайтын және де электронды түрде табыс ету үшін 15 қыркүйек айынан кешіктірмей табыстауы керек. Декларацияда жалпы барлық мүліктер көрсетіледі. Сондықтан қазір мына барлық облыс тұрғындарына айтарымыз ХҚК орталығына  барып арнайы өздерінің мәліметтерін алу керек.

Хабар 24 телеарнасы