378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысы халқының мемлекеттік қызметке қызығушылығы артқан

  • 193
  • UPD: 11:56, 06.03.2019
Маңғыстау облысы халқының мемлекеттік қызметке қызығушылығы артқан

Мемлекеттік қызметке тұруға маңғыстаулықтардың қызығушылығы артқан. Мәселен, өткен жылы 5 462 адам тестілеуге құжат тапсырды.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 54 процентке жоғары көрсеткіш. Мамандар мұндай өзгерісті осы саланың еңбек нарығында бәсекелестік қабілетінің өсуімен түсіндіреді. Айтуларынша, былтыр жеке сектордан мемлекеттік қызметке орналасқандар саны  жеті есеге көбейген. Сәйкесінше жергілікті атқарушы органдарда бос орындар едәуір азайып отыр. Ал ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы мүлдем жойылған десе де болады. Екі жыл бұрын 28 бос орын тіркелсе, бүгінде тек Ақшұқыр елді мекеніне бір маман қажет.

Нұргүл Жанназарова, ҚР МҚСЖҚІА облыстық департаментінің басшысы:

- Маңғыстау халқы, жалпы жергілікті азаматтардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы артты. Себебі қазір республика бойынша бір орынға үміткерлердің саны 2,6 болып, біздер орташа есеппен алғанда екінші орында тұрмыз. Бірінші орында Астана қаласы. Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандардың қатары толықты. Мысалы, 2017 жылы «Болашақ» бағдарламасын бітірген бір ғана маман жұмыс жасаған болатын. Қазір ол мамандардың саны бесеуге жетті.

Хабар 24 телеарнасы