389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы аудан әкімі табысын жыл сайын жария етеді

  • 787
  • UPD: 12:50, 06.03.2019
Түркістан облысындағы аудан әкімі табысын жыл сайын жария етеді

«Мемлекеттік қызметшілер табысы мен отбасылық кірісін және жеке мүлкін жария ұстап, декларация тапсырғаны  дұрыс» дейді 19 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әкім Ақмеңтай Есбаев.

Қазір Түркістан облысының Келес ауданын басқарып отырған Есбаев өзіне және отбасы мүшелеріне тиесілі мал-мүлкін көрсетіп, жыл сайын декларация тапсырып отырғанын айтады. «Өз иелігімдегі мүлікті ашық көрсетемін. Былтырғы жылдан бастап табыс салығын салық органдарына бармай-ақ электронды E-Gov  порталы арқылы үйде отырып тапсырып жүрмін» дейді. Ақмеңтай Үсен-ұлының айтуынша, бұл өте тиімді. Біріншіден уақытты үнемдеуге септігін тигізсе, екіншіден, әркім өз мүлкін өзі есептеп, тапсыруға үйренеді. 2020 жылдан бастап, жалпы халықтық декларация тапсыру науқаны басталады. Қазір еліміз бойынша осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақмеңтай Есбаев, Келес ауданының әкімі:

- 312 мың теңге қолыма айлық жалақы алып отырмын. Жұбайым 130 мың теңге айлық алады. Одан бөлек мен мемлекеттік қызметке кірмей тұрып, атымда шаруа қожалығы болды. Оны мен жеке сенімгерлік басқаруға бердім. Оны да көрсетемін. Жұбайым атындағы учаскелік жерімізді оны да көрсетіп отырмыз. Қаржы саласының тілімен айтатын болсақ, кіріс пен шығыстың нақты есептеп, біліп отыру үшін жариялы түрде болғаны өте дұрыс деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы