377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Nur Otan партиясы XVIII съезінің делегаттары теміржолшылармен кездесті

  • 267
  • UPD: 13:52, 06.03.2019

Nur Otan партиясының XVIII съезд делегаттары өңірлерде еңбек ұжымдарымен кездесіп жатыр. Елбасы тапсырмаларын орындауға бағытталған кешенді бағдарламалар және партияның ролі мен атқаратын қызметі сырбойылық теміржолшыларға жан-жақты баяндалды. 

Күнсұлу Молдашораева сырлау цехында 12 жылдан бері тер төгеді. Ел Президенті аузынан әлеуметтік төлемдердің ұлғаятынын естіген көпбалалы теміржолшының көңілі жадырап сала берген.  

Күнсұлу Молдашораева, вагон жөндеу депо қызметкері:

- Балалардың жәрдемақысын қарастыру жөнінде және оны жүйелі түрде іске асыру маңызды. Әр отбасының жағдайы әр қилы. Соның ішінде көпбалалы отбасылар жағдайын жақсарту мақсатында оларға жәрдемақы төлену қажет. Біздің ұжымда жалақы, жұмыс тұрақты. Қандай да бір қиындық туындаса Nur Otan партиясының көмегімен шешіледі. 

Экономиканың күретамыры саналатын салада әлеуметтік жобалар жеткілікті. Мәселен, жастар жылына орай көпбалалы отбасылардан шыққан жас мамандар баспанамен қамтылмақ.   

Амангелді Арысбаев,  тасымалдаушы компания филиалының директоры:

- Алғашқы жобалардың біреуі Сексеуіл кентінде 32 пәтерлі 5 бөлмеден 60 жас жанұяға үй берілгелі жатыр. Ол деген үлкен жетістік деп ойлаймыз. 

Алдағы жазда аймақ тұрғындарының өтінішіне сай «Қызылорда-Астана» бағытындағы пойыз күнделікті қатынау кестесіне көшеді. Оған қоса пойыз құрамы бірнеше вагонмен толықпақ. Бұл өз кезегінде жолаушылар үшін қолайлы және жаңа жұмыс орын ашуға да септігін тигізеді.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы