389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек жанның пәтеріне күрделі жөндеу жасап жатыр

  • 813
  • UPD: 13:53, 06.03.2019

Игі істі жалғастырып әкеткендер бар. Іскер азаматтардың арқасында 4 көп балалы отбасы баспаналы болды. Тағы бір жомарт жан тұрмысы төмен отбасына арнап үй салуға бел буған. 

Қоларбамен қозғалатын Сымбаттың пәтерінде күрделі жөндеу басталып кетті. Үй иесінің қуанышында шек жоқ. 8 жылдан бері жөндеу көрмеген баспанасы бір жаңарып қалатын болды. Қырықтағы келіншек мүмкіндігі шектеулі болса да қиындықтарға мойымады. Тұрмыс құрып, сәби сүйді. Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамдық бірлестігі оның пәтеріне жөндеу жасайтын демеуші тауып берді.

Сымбат Нағметова, қала тұрғыны:

- Үй әрине жақсы, кең, өзіме ұнайды. 8 жылдан бері ешқандай жөндеу жасаған жоқпыз. Әрине жаңартқын келеді. Сондықтан мүгедек адамның кейде келе бермейді жөндеу жасау. Өзіме ұнаған обой таңдап, сөйтып алдым. 

Дмитрий Довматенко, кәсіпкер:

- Қала кәсіпкерлері, ассамблея мүшелері мен мекеме ұжымдары мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беріп жатыр. Сымбаттың пәтеріне күрделі жөндеу қажет екенін естіп, көмегімді ұсындым. Үй иесінің қалауындай етіп жөндеуге 1 млн теңге жұмсаймыз. Наурыз мерекесіне дейін жұмыстарды аяқтаймыз.

Қоғамдық бірлестік төрайымы Құралай Бәйменованың айтуынша, облыс кәсіпкерлері әлеуметтік жауапкершілікті түсінеді. Сал ауруына шалдыққан жандарға жан -жақты көмек беріп жатыр. Көбі аты-жөнін жариялағысы келмейді. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беретіндер көбейген. Былтыр 250 адам тұрақты жұмыс тапқан.

Құралай Бәйменова, «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы:

- Тіпті қарапайым тұрғындардың өзі қолында барын әкеліп жатады. Бір кәсіпкер мүгедек жанға көлік сатып әперді. Екіншісі шипажайға жолдама берді. Айта берсек, ондай мысалдар өте көп. Қайырымды жандардың арқасында біраз отбасы әлеуметтік жағдайын түзеп алды. 

Қалалық еңбекпен қамту орталығы 1-топтағы мүгедектерге жұмыс орнын жабдықтап беруге дайын. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша субсидия бөлінген. 2018 жылы 9 мүгедек жанның жұмыс орныны арнайы жиһазбен жабдықталды. 

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы